Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменде тасымалдаушылар ісі бойынша алғашқы сот отырысы өтеді

  • AstanaTV
  • 29 қаңтар 2018
  • 2311

Осы аптада Өскемендегі ауданаралық экономикалық сотта тасымалдаушылар ісі бойынша алғашқы сот отырысы өтеді. Шағымданушы тарап - қалалық прокуратура. Ал жауапкер - мемлекеттік кірістер департаменті

Қадағалаушы орган өкілдері 7 автопаркке қатысты салық ескертпелерін алып тастауды талап етіп отыр. Сондай-ақ осы уақытқа дейін салынған 4,5 миллиард теңге салықты заңсыз деп тануын өтінген. Ал «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының аймақтағы өкілдері дау тезірек шешімін табады деген сенімде.

Игорь Шацкий, «Атамекен» ҰКП ШҚО филиалының басшысы: 

Мәселе тез арада шешімін табады деп үміттенеміз. Тіпті сот органдары іске тезірек нүкте қойса деген өтініш бар. Дегенмен салық органдары істі тағы да қайта қарауын өтініп, уақыт созуы мүмкін. Егер солай болса, салық мамандарының тасымалдау ісіне қасақана кедергі келтіргені деп білеміз.