Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ кезекті "Кремль тізімін" жариялады

  • AstanaTV
  • 30 қаңтар 2018
  • 2242

"Кремль тізімі" Қазақстанға әсер етпейді. Үкімет мүшелері осылай деп мәлімдеді.  Бүгін АҚШ Қаржы министрлігі жариялаған "Кремль тізіміне"  ресейлік 114 шенеунік пен 96 кәсіпкер іліккен. Дмитрий Медведев бастаған 31 Үкімет мүшесі, Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков, Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларының мэрлары да санкцияға ұшырады. Байлығы 1 млрд доллардан асатын белді бизнесмендер де "қара тізімге" іліккен. Олардың ішінде Роман Абрамович, Олег Дерипаска, Алишер Усманов, Вагит Алекперов, "Роснефть", "Газпром", "Сбербанк" басшылары да бар. Аты аталған кейбір компаниялар мен кәсіпкерлер Қазақстанда жұмыс істейді. Үлестері бар. Осы орайда, экономикалық блокка жауапты министрлердің пікірін білген едік.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

На наш взгляд, нет никакого повода для беспокойства.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

Ресей президенті "Кремль тізіміне" қарымта жауап әзір екенін айтты. Бірақ ол Ресей мен АҚШ қатынасын мүлде жояды, сондықтан әзірге одан бас тартамыз деп мәлімдеген.