Русский Сайттың толық нұсқасы

Бейнеуде өгей анасы баласын пышақтап тастады

  • AstanaTV
  • 30 қаңтар 2018
  • 5456

Маңғыстау облысының Бейнеу аулының тұрғыны өзінің 16 жастағы өгей ұлын 20 жерінен пышақтап өлтірген деген күдікпен қамауға алынды. Ал марқұмның туған анасы баласының өгей шешесімен тату тұрмағанын айтады. Тіпті ұлын алдағы жазда туған анасы қайта өзіне алуды да жоспарлапты.

Кәмшат Қожақова:

Ажырасқанда бала күйеуімнің қолында қалды. Енеміз өзім бағам, өзім қағам деп айтқан. Қалса қалсын, жетімдер үйі емес қой, әкесінің үйі ғой, барып көріп тұрам ғой сағынғанда дедім мен. Өзім ойым болды солай. Баланы котелда пышақтап, сарайға бала бүктетіліп барған дейді. Балаға бір рет пышақ тықпаған, 20 жеріне пышақ ұрып тастаған.

Бұл сұмдық маңғыстаулықтарды дүр сілкіндірді. Мектептегілер де 9-класс оқушысының кісі қолынан қаза тапқанына сене алар емес. Мұғалімдері Нұрсұлтанның салмақты, тәртіпті бала болғанын айтады. Өгей анасының мұндай қадамға баруына не себеп болғанын қазір тергеу анықтап жатыр. ІІД қылмыстық іс қозғады.

Жазира Әбіл, Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Бейнеу ауданында болған дерекке байланысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 99-шы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-ші бабы бойынша, бұдан өзге ақпарат тергеу аяқталғанша жарияланбайды.