Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандылық оқушыларға сары ауру үйден әкелінген компоттан жұққан

  • AstanaTV
  • 30 қаңтар 2018
  • 3774

Қарағандылық оқушыларға гепатит А ауруы 58-інші мектепке үйден әкелінген компоттан жұққан. Балалар жеміс сусынын жаңа жылдың алдында би кешінде ішіп, содан ауырған болып шықты. Бұл туралы бүгін өңірге сары аурудың өршуіне байланысты арнайы жұмыс сапармен келген бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

Жандарбек Бекшин, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:

Оқушылар осы шара кезінде үйде дайындалған жеміс сусынын ішкен. Ауруға осы компот себеп болған. Ал ары қарай ол тұрмыстық қарым-қатынас арқылы жұққан. Денсаулық басқармасы гепатитті өршітпеу үшін қажетті вакциналарды алды.

А гепатитін жұқтырғандардың саны бүгін 43 тен 51- ге жеткен. Оның 34 -і оқушы. Әсіресе, қаладағы 58-інші мектепте науқастар саны күн сайын артып жатыр. Жағдайды тұрақтандыру үшін облысқа 60 мың доза ресейлік вакцина сатылып алынбақшы. Жандарбек Бекшиннің айтуынша, қазір Қарағанды облысында қоймада осы екпенің 7 мың дозасы сақтаулы. Сары ауруға қарсы екпе науқастармен тұрмыстық қарым-қатынаста болғандар мен ауру тіркелген мектептердің 9-10 сынып оқушыларына салынады. Екпе кабинеттері бар білім орындарында арнайы кезекші медициналық топтар құрылған. Олар вакцинаны өз мектептерінде жасайды. Бір ғана 58-ші мектепте 700 баланы егу жоспарланып отыр.