Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы қаласының прокуроры тәртіптік теріс қылығы үшін қызметінен босатылды

  • AstanaTV
  • 31 қаңтар 2018
  • 2621

Алматы қаласының прокуроры Ғабит Миразов тәртіптік теріс қылығы үшін қызметінен босатылды. Бұл туралы мәлімет Бас прокуратураның ресми сайтында жарияланды. Әзірге оның қандай әрекет жасағаны ашық жазылмаған.

Құзырлы органның бүгінгі кеңейтілген алқа отырысында Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорларының орынбасарлары да жұмысынан айырылғаны белгілі болды. Тағы бірқатар аймақтарда 11 прокурор мен орынбасарлары әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.