Русский Сайттың толық нұсқасы

Бишімбаевтың ісін қарап жатқан сот экс-министрдің өтінішін қанағаттандырмады

  • AstanaTV
  • 31 қаңтар 2018
  • 2476

Бишімбаевтың ісін қарап жатқан Астана соты экс-министрдің өтінішін қанағаттандырмады. Жаңа айыптау актісі шығуына орай, оның қорғаушылары судьядан сот процесіне дайындалуға  тағы 7 күн  сұрап өтініш білдірген. Алайда, өтінішті толық зерттеген судья келісім беруден бас тартты. Сондай-ақ атышулы іске қатысы бар 7 адамның бесеуі мемлекеттік айыптаушылармен келісімге келетін болды. Кінәсын мойындаған олардың жаза мерзімін қысқарту туралы өтінішін сот қабылдады.

Айта кетейік, Бишімбаевқа "аса ірі көлемде пара алу", "сеніп тапсырылған мүлікті талан- таражға салу"  баптарымен айып тағылды. Қарашадан бері өтіп жатқан сотта экс-шендіден басқа 23 адамның қылмыстық ісі қаралуда. Олардың дені кінәсін мойындаған. 

Диана САПАРҚЫЗЫ