Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматылық ақ халаттылар медициналық сақтандырудың оң тұстарын тізіп берді

  • AstanaTV
  • 01 ақпан 2018
  • 2551

Медициналық сақтандыру жүйесін енгізу ауруханалар арасындағы бәсекелестікке жол ашады. Бұл, әрине, медициналық қызмет сапасының артуына септігін тигізбек, дейді алматылық ақ халаттылар. Бұл туралы №12 қалалық емханада өткен дөңгелек үстел барысында айтылды.  Шараға «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы мүшелері де қатысты. «Медициналық сақтандыру» мәселесі маңызды жүйе деген дәрігерлер, жаңа бағдарламаның нәтижесін науқастардың оң бағалайтындығына сенімді. Қазір олар медициналық сақтандырудың мүмкіндіктерімен танысуға қатты қызығушылық танытып отыр, - дейді мамандар. «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы қызметкерлері де күн сайын осы сұраққа жауап іздеп келген жандарға көмек береді екен.

Эльдар Кәрібаев, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының қоғамдық кеңес төрағасы:

«Нұр Отан» партиясы жергілікті тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізеді. Қоғамдық қабылдау кезінде де сол жүйеден жаңылған емеспіз. Тіпті, дәйім, емханалар мен ауруханалардан жоғары санатты дәрігерлерді арнайы шақыртып, көмек сұрап келген азаматтарға қол ұшын созамыз. Мамандарымыз кестеге сай кезекпен келеді