Русский Сайттың толық нұсқасы

Жаңа Шортанды-Бурабай курортты аймағына 500 млн доллар инвестиция тарту көзделген

  • AstanaTV
  • 01 ақпан 2018
  • 4560

Қазақ туризмін алға бастырады деген жаңа Шортанды-Бурабай курортты аймағына 500 млн доллар инвестиция тарту көзделген. Бұл туралы Шортанды-Бурабай аймағын шетелдіктерге таныстыруға арналған форумда «Kazakh Tourizm» ұлттық компаниясының басшысы Рашид Күзембаев мәлімдеді. Үлкен Шабақты және Текекөл көлдерінің аумағынан 233 га жер белгіленген. Қазір Араб елдері, Польша, Ресей, Оңтүстік Шығыс Азия елдерінен инвесторлар қызығушылық танытып отырған көрінеді. Қонақ үйлерден бөлек, аквапарктер, мұз айдындары, ірі шаңғы спортының базасы сынды өзге де демалыс орындары 2023 жылға қарай халықтың игілігіне берілмек. Ең бастысы, Бурабай өңіріндегі демалыс арзандайды, деп сендірді шенеуніктер.