Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық қор қаржысы 58,3 млрд долларды құрады - Д.Ақышев

  • AstanaTV
  • 02 ақпан 2018
  • 3056

Қаңтарда Ұлттық банктің резерві 3 пайызға өсіп, 31,7 миллиард АҚШ долларына жетті. Ал Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері 58,3 миллиард долларды құрады. Ұлттық банк төрағасы президентке есеп беру барысында осыны мәлімдеді.

Данияр Ақышев бас банктің қазіргі қызметі, ақша-несие саясатының басты бағыттары туралы айтты. Сондай-ақ еліміздің қаржы нарығындағы ахуал  жайын да баяндады. Оның сөзінше, 2017 жылы инфляция деңгейі 7,1 пайызды құраған. Жыл соңында алтын-валюта қорының көлемі 30,7 миллиард АҚШ долларына жеткен. 

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

Қаңтарда ахуал одан да жақсара түсті. Инфляция деңгейі 0,6 пайыз болды. Бұл біздің биылға белгілеген - бестен жеті пайызға дейінгі аралықтағы жаңа өлшемімізге еніп отыр.