Русский Сайттың толық нұсқасы

EgyptAir әуе апатының құрбандарының денелері Каирге жеткізілді

  • AstanaTV
  • 23 мамыр 2016
  • 1826

EgyptAir әуе апаты құрбандарының мәйіттері Жерорта теңізінен Каирге жеткізілді. Енді қаза тапқандардың аты-жөндерін анықтау жұмыстары жүргізілмек. Сот-медициналық сараптама марқұмдардың туысқандарынан ДНК сынамасын алу арқылы жүзеге асырылмақ. Бұл бірнеше аптаға созылуы ықтимал. 


Сонымен қатар, The New York Times басылымы апатқа ұшыраған әуе кемесінің корпусында «Біз бұл ұшақты атып түсіреміз» деген жазу болғанын мәлімдеді. Бұл ұшақ қирандыларын су бетіне көтеру кезінде анықталған. Артынан бұл жазу ұшақтың корпусына екі жыл бұрын жазылғаны белгілі болды. Басылымның ақпаратынша, бұл Мысыр әуежайында жұмыс істеген «Мұсылман бауырлар» қозғалысының мүшелері жасаған екен. Содан бері жаман жазуды ешкім де өшірмеген.

Еске салсақ, 19 мамыр күні таңертең Парижден Каирге бет алған EgyptAir авиакомпаниясының А320 лайнері  апатқа ұшыраған болатын. Ұшақта, экипаж мүшелерін қосқанда, барлығы 66 адам болған. Апаттың нақты себептері әлі анықталмады.

Берік ХАСЕНОВ