Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда жыл аяғына дейін мыңға жуық бейнебақылау камерасы орнатылады

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2018
  • 3355

Алматы көшелерінде жыл аяғына дейін мыңға жуық бейнебақылау камерасы орнатылады. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы өткізген жиында белгілі болды. Елбасы Жолдауын іске асыру жайы талқыланған отырыста "Ақылды қала" жобасы да қамтылды. Бұл жаңашылдықты жүзеге асыруда бейнебақылау камераларының көмегі зор. Шахарда 115 мыңға жуық камералар жұмыс істеп тұр. Өткен жылы олардың көмегімен 1200-ден астам қылмыстық іс ашылған. 22 мыңға тарта әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.

Мұхит Әзірбаев, Алматы қаласы мәслихатының депутаты, "Нұр Отан" партиясының мүшесі:

Ол камера ертең бізге аналитика жағынан да көп үлес қосады. Қылмыстық көрсеткіштеріміз статистика бойынша жылдан-жылға сай төмендеп жатыр. Мен ойлаймын, ол да осы камераның қолдауымен.