Алдағы
үш күнде ауа райы күрт суытады. Синоптиктер осындай болжам жасап отыр. Елдің шығысында күндіз ауа температурасы -23 градус болса, солтүстікте 20 градус аяз күтіледі. Орталық аймақтарда
ең төменгі температура 18 градус. Ал оңтүстікте сынап бағанасы -17 градусты
көрсетеді. Батыста ауа райы аздап жылынады. -8 градус аяз болады деп
болжануда.
Қазір еліміздің үш аймағында
дауылды ескерту жарияланды. Қызылорда облысында қалың тұман түсуі ықтимал. "Маңғыстау және Батыс Қазақстанда секундына 20 метр жылдамдықта күшті жел
тұрады", - дейді синоптик мамандар.