Русский Сайттың толық нұсқасы

Алдағы үш күнде күн суытады

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2018
  • 2882

Алдағы үш күнде ауа райы күрт суытады. Синоптиктер осындай болжам жасап отыр.  Елдің шығысында күндіз ауа температурасы -23 градус болса, солтүстікте 20 градус аяз күтіледі. Орталық аймақтарда ең төменгі температура 18 градус. Ал оңтүстікте сынап бағанасы -17 градусты көрсетеді. Батыста ауа райы аздап жылынады. -8 градус аяз болады деп болжануда. 

Қазір еліміздің үш аймағында дауылды ескерту жарияланды. Қызылорда облысында қалың тұман түсуі ықтимал. "Маңғыстау және Батыс Қазақстанда секундына 20 метр жылдамдықта күшті жел тұрады", - дейді синоптик мамандар.