Өткен
жылдың қазан-желтоқсан айларында елдегі орташа жалақы рекордтық көрсеткішке
жеткен. Ол 163 725 теңгені құрады. Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек,
қазақстандықтар бұрын-соңды мұндай жалақы алмаған. Өткен жылғы айлық өсімі
әртүрлі. Ал еңбекақының 4-ші тоқсанда өсуі маусымдық жұмыстармен байланысты
көрінеді. Жылдық орташа жалақы 150 мың теңге шамасында. Бұл алдыңғы жылмен
салыстырғанда 5,1 пайызға жоғары. Былтыр жылдық инфляция көлемі 7 пайызды
құрады. Демек, жалақы өсімі бағалар өсімінен төмен. Сондықтан жұрттың әл-ауқаты
жақсармай отыр. Ал табысты сала көрсеткішінде өзгерістер бар. Өткен жылдың 4-ші
тоқсанында қаржы, сақтандыру саласындағы қызметкерлердің орташа айлығы 316 мың
теңге болған. Ал жалақы ең аз салалар - білім мен ауыл шаруашылығы. Айлық 100
мың теңгенің о жақ бұ жағында.