Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда гепатиттің өршуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

  • AstanaTV
  • 07 ақпан 2018
  • 2143

Қарағандыда А гепатитінің өршу оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл жайында облыстық денсаулық сақтау департаменті хабарлады. Қазір тергеп, тексеру шаралары жүріп жатыр. Алдағы уақытта көкөніс-жеміс саудасымен айналысатын барлық кәсіпкерлер тексеріледі. Өйткені әлі күнге дейін аурудың таралуына кінәлі тұлғалар анықталмаған. Ал, санитар-дәрігерлер балабақшадағы қызылша мен шомырдан гепатит А-ның талшықтарын тапқан. Қаладағы ауыз су құбырлары да тазартылады. Мамандардың айтуынша, қазір жағдай аздап тұрақталған. Науқастардың саны жедел өсіп жатқан жоқ. Бірен-саран адам гепатитке шалдықты деген күдікпен тексеріліп жатыр. Ал, ауру жұқтырған 69 адам ем алуды жалғастыруда. Еске салсақ, А гепатиті желтоқсан айының соңына қарай көбейген еді.

Гүлжан Байғұтанова, Қарағанды облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары:

Көкөністер мен жемістерде вирустың бар-жоғы тексерілді. Аурудың тамақтан жұғуы мүмкін деген жорамал бар. Енді прокурорлардың қатысуымен осы салада сауда жасайтын  кәсіпкерлер тексеріледі.