Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан құрамасы Дэвис кубогы аясында Хорватиямен кездеседі

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2018
  • 2381

«Астана» футбол клубы жолдастық кездесу аясында өткен екі бірдей кездесуде жеңіліп қалды.  Олар енді 9-шы ақпанға дейін Араб Әмірлігінде жаттығуын жалғастырады. Өзге де спорт жаңалықтары келесі топтамада. 

Қазақстан спортшылары Оңтүстік Кореядағы олимпиада қалашығына жайғаса бастады. Ойын елдегі екі бірдей ірі қалада өтеді. Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков, Юлия Галышева және Аяулым Амреновалар алғашқы жаттығуын өткізіп үлгерді. Ойынның ашылу рәсімі 9-шы ақпанға жоспарланған, біздің ойыншыларымыз 57 лицензия жеңіп алды.

Ал, Словенияда футзалдан Еуропа чемпионатының ширек финалына өткендер анықталды. Қазақстан өз тобынан 1-ші болып плей-офф кезеңіне шыққан болатын. Жартылай финалға өту үшін Какау шәкірттері Сербтерге қарсы ойнайды. Словения Ресеймен, Португалия Әзірбайжанмен ойнайды. Ал, Украина Испанияға қарсы ойнайтын болады.


Елдің теннис құрамасы келесі ойынын сәуірде Хорватияға қарсы өткізеді. Барлық мәселе 1/8-ші финалда, Александр Недовесов пен Тимур Хабибуллиннің жұптық ойынында шешілген. Қорытынды есеп 3:6,1:6

Диас Досқараев, теннистен Қазақстан құрамасының капитаны:

Мұндай жағдайда жартылай финал үшін Канадамен бәсекеге түсу ыңғайлы болар еді. Бірақ, дұрыс қорытынды жасап, жақсылап дайындалып, қарсыласты сырт алаңда-ақ жеңуге тырысамыз.

Ал, халықаралық олимпиада комитеті Токиода өтетін олимпиада ойындарынан боксты алып тастауы мүмкін. Бұл туралы ұйым басшысы Томас Бах айтты. Қазірдің өзінде комитет АИБА-ны қаржыландыруды тоқтатқан. Ал, жақында дау болған жемқорлық ісі туралы да тергеу жүріп жатыр. Соңғы Левит пен Тищенко, Никитин мен Конлан арасындағы кездесулердің шешімі де күмәнді көбейткен.