Астанада Абу-Даби Плаза құрылыс нысанының қысқартылған жұмыскерлері өтемақыларын өндіріп беруді талап етіп отыр. Жергілікті билік 62 адам қысқартылғанын алға тартса, ал жұмыскерлер 400-ден аса адам қыс ортасында далада қалғандарын айтып отыр. Еңбек дауына "Нұр Отаннан" өзге билік өкілдері де араласты. Диана Сапарқызы тарқатады.
Бүгін Абу-Даби Плаза жұмысшылары құрылыс алаңына жиналды. Олардың айтуынша, компания 400-ден аса құрылысшыларын жұмыстан ескертусіз шығарған.
Обедке кірген адам бейджик істемей қалды. Содан кейін офисқа звондадық. Офистағылар айтты, сіздерде сокращение деді. Содан ғана білдік, оған дейін біз ешқандай білген жоқпыз. Біз обедке шықтық, обедке кірген кезде бейджик істемейді.
Бізді ескертусіз бірден 400 адамды жұмыстан шығарып тастады. Оны ешкім тексеріп қарап жатқан жоқ. Кеше бардық, "Нұр Отанға" бардық, инспекцияға, прокуратураға бардық. Ол жақта істерімізді қараймыз деді.
Құрылысшылар жұмыс берушілерге екі талап қойып отыр. Айтуларынша, оларға өтемақы төленуі тиіс не болмаса жұмысқа қайта қабылдауы керек.
Осы компенсацияны сұрадық біз. Олар айтты, қағазға қол қойындар, қағазға қол қойсандар ғана, сендерге барлығын төлейміз деді. Жарайды деп, сеніп, қағазға қол қойдық. Енді барсақ айтады, "только расчетныйларыңды ғана берем, болды, не істесеңдер, оны істеңдер" дейді.
Бізге 3 айдың, 2 айдың компенсациясын берсе, біреулерге жұмыс, біреулерге компенсация немесе басқа жұмыс тауып берсе.
Бүгін мәселеге билік өкілдері араласты. Қаласы әкімдігінің ақпарынша, «Абу-Даби Плаза» құрылыс нысанына 4 мыңнан аса жұмысшы тартылған. Оның 3 мыңнан астамы келісімшартпен орналасқан. 860-ы қазақстандық, 2428-і шетелдік жұмысшы. Мұнда 11 мердігер компания болса, соның төртеуіндегі жұмысшылар қысқартылып жатқан көрінеді. Ал қысқартулар мұнымен тоқтамайды. Өйткені құрылыс аяқталып қалған. Келер жылдың көктемінде пайдалануға берілмек.
Ермек Оспанов, Астана қаласы жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы:
5 үйдің ішінде біреуі ғана қалды. төртеуін бітірді. Соған қарағанда, адамдар қысқарылады бәрібір. Бастаған 7-8 мың адамға қазір жұмыс жоқ. Әрі-бері қарасаңыз, даланың ішінде де жұмыс жоқ қой қазір. Тек қана іштегі жұмыс қалды.
Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы келісімшарт мерзімі аяқталған деп отыр.
Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
Біріншіден, әрбір азаматты жұмысқа шақырған кезде, ол шетелдік болсын, өзіміздің азаматтар болсын, уақытын белгілеген. Сіз бен біз келісімшартты 3 айға белгілейміз деп. Сол уақыт тәмәмдалғаннан кейін біздің елдің азаматы ма, басқа елдің азаматы ма, жұмыстан шығуы керек. Егер еңбек шарты бір жылға белгіленген болып, оны ортасында шығарып жатқан болса, онда мен сіздермен келісетін едім.
Ал Кәсіподақтар федерациясының төрағасының орынбасары заңсыздықтар жоқтығын айтып отыр. Бірақ шетелдік компания 62 жұмысшыға өтемақы төлеуге келіскен.
Ерлан Саиров, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары:
Бұл жерде формальді түрде Қазақстанның еңбек заңы бұзылып тұрған жоқ. Өйткені ол азаматтарды жұмысқа алаған кезде, әртүрлі жұмысқа деп жазылады. Сол әртүрлі жұмыс істеген Еңбек Кодексінде оларды өтемақысыз жұмыстан шығаруға мүмкіндік береді. Бұл, әрине, формальді тұрғыдан дұрыс болғанымен, моральдік тұрғыда дұрыс емес. Өйткені адамдарды қыста жұмыссыз қалдыру.
Диана Сапарқызы, тілші:
Ал
қысқартуға ұшыраған 62 емес, 400 жұмысшы екенін билік өкілдері анық-қанығына
жеткен соң хабарлаймыз деді. Ал "Нұр Отан" партиясы төрағасының
бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, билік партиясы бұл жағдайды бақылауға
алғанын, мәлімдеді.