Русский Сайттың толық нұсқасы

Олимпиада өтпек болып жатқан Пхенчханда ішек инфекциясы таралды

  • AstanaTV
  • 06 ақпан 2018
  • 2627

Қысқы олимпиада ойындары өтпек болып жатқан Пхенчханда ішек инфекциясы таралды. Ұйымдастырушы комитет дереу арада күзет қызметін ауыстырып жатыр. Дертке себеп - дереу тараған вирус болып табылған. Қазірдің өзінде он шақты адам ауру жұқтырыпты. Қазір меншікті күзет агенттігінің 1200-ге жуық қызметкері кетіп, орнына әскерилер келді. Енді ұйымдастырушылар су, азық-түлік сатылатын 18 ғимаратта залалсыздандыру жұмыстарын жүргізбек. Сондай-ақ Канвон провинциясындағы барлық тұрғын үйлерде де осындай жұмыстар жүргізіледі деп хабарлайды The Korea Herald. 4 жылдықтың басты додасы 9-шы - 25-ші ақпан аралығында өтеді деп жоспарланған.