Русский Сайттың толық нұсқасы

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуро-2018 жартылай финалына өтті

  • AstanaTV
  • 06 ақпан 2018
  • 1927

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуро-2018-дің жартылай финалына өтті. Сырт алаңда жерлестеріміз Сербияны 3:1 есебімен тізе бүктірген. Алғашқы голды не бары 7-ші минутта Серік Жаманқұлов соқты.  Ал, қалған екі гол екінші таймда соғылды. Сербтер де оңай шағылар жаңғақ емес екенін көрсетіп, мықты шабуылдарымен көзге түскен. Ал, жартылай финалдағы қарсылас бүгін түнде өтетін Испания-Украина арасындағы тартыстан кейін анықталады.

Осы ойын аяқталған соң құраманың бас бапкері Какау бапкерліктен кететінін айтты. Бразилиялық маман алматылық "Қайраттан" да кететінін айтқан, ол шешіміне не түрткі болғаны әзірге белгісіз.