Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжардың әуежайына 480 мың теңге айыппұл салынды

  • AstanaTV
  • 07 ақпан 2018
  • 2290

Қызылжар әуежайы террорлық шабуыл бола қалса, төтеп бере алмайтын көрінеді. Осы үшін нысанның басшылығы жауапқа тартылмақ. Былтыр қарашада полиция қызметкерлері сынақтан өткізген. Нәтижесінде 10-нан астам олқылық анықталды. Нысандағы жарықтандыру, дыбыс күшейткіш жүйелері осал болып шыққан. Оған қоса лаңкестік террорлық актілерге қарсы тұруға қауқарсыз. Мекемеге 480 мың теңге айыппұл салынды. Кемшіліктер бір ай ішінде жойылуы тиіс.

Дәурен Дүйсенбаев, СҚО Қызылжар аудандық сотының судьясы:

Мекемеде террорға қарсы қауіпсіздік шаралары сақталмағандықтан, әкімшілік жазаға тартылды. Егер 30 күннің ішінде олқылықтарын жоймаса, не мекеменің өзі, не оның басшысы қайтадан жаза арқалайды.

Ал Ақтау әуежайында монополияға қарсы күрес агенттігі тексеріс жүргізуді бастады. Құзырлы органның мәліметіне сай, нысан басшылығы кәсіпкерлерге жалға берілетін аумақты қымбат бағамен ұсынған болуы мүмкін. Есесіне өнім құны шарықтап тұр. Әуежай өкілдері жалдау құны 2009 жылдан бері көтерілмегенін айтады.