Русский Сайттың толық нұсқасы

"Кедергісіз келешек" жобасы аясында республика бойынша қоғамдық қабылдаулар өткізілді

  • AstanaTV
  • 07 ақпан 2018
  • 2470

Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүгедектігін анықтау мәселесі әлі де өткір. Олардың ем алуы мен дәрі-дәрмекпен қамтылу сапасы да сын көтермейді. "Нұр Отан" партиясының қоғамдық қабылдауына келген азаматтарды осы мәселелер алаңдатады. Өткен жылы ерекше қажеттіліктері бар адамдардан 4 мыңнан аса шағым түскен. Бүгін де партияның аймақтағы 200-ден аса бөлімшесінде "Кедергісіз келешек" жобасы аясында қоғамдық қабылдаулар өткізілді. Астанада да біраз адам шағымын арқалап келген. Бірі уақытша тіркеуі жоқ болғандықтан, тиісті емін ала алмай жүр. Енді бірі мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, лайықты жұмыс таба алмай қиналған. Мамандардың айтуынша, наурыз айынан бастап қоғамдық жұмыс ақысы 70 мың теңгені құрайды.

Гүлнәр Төлегенова:

Мүгедек балама ем тағайындалды, оны жұмысқа орналастыру жайын да білдім. Бұрын қоғамдық жұмыстағы табысы 42 мың теңге еді. Партияның көмегіне жүгініп тұрғаным бүгін ғана емес, 10 жылдай болды. Өздері хабарласып, ұсыныс білдіреді.

Арыстанғали Сансызбаев, "Нұр Отан" партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары:

Көбіне адамдар жәрдемақының тағайындалу мәселесі, мүгедектік санатымен келіспей, сондай сұрақтармен шағымданады. Партия өз тарапынан осы сұрақтарды бақылауға алады және оларды тез, уақытында шешілуіне ықпал жасайды. Әрбір үшінші өтініш оң шешімін тауып жатыр.