Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайлық студент жастар Елбасының жаңа туындысымен танысты

  • AstanaTV
  • 07 ақпан 2018
  • 2038

Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты еңбегі -  жас ұрпақ  үшін өте құнды дүние. Егемен елдің елеулі жетістігін баяндайтын туындыны студент жастар оқу құралы ретінде пайдаланғысы келеді. «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырған «Еркін пікір» сұқбат алаңына қатысқан студенттер мен ұстаздар мемлекет басшысының жаңа кітабы туралы ой бөлісті. Туынды тәуелсіз елдің тарихын қамтыған. 4 бөлімнен тұратын еңбек тарихи публицистика жанрында жазылған. Сондықтан тарих сабағына қажетті көптеген мағлұматты осы кітаптан алуға болады, - дейді педагогтар.

Алма Азтаева, Қостанай медициналық колледжінің ұстазы:

Біздің жетістіктеріміз бен қатар қателіктеріміз де сипатталған. Жастарға бұл кітап өте пайдалы кітап. Және осы кітаптың арқасында олардың бойында жақсы қасиеттер қалыптасып, терең білім алады деп ойлаймын.