Русский Сайттың толық нұсқасы

«Сирияға кетпек болды» деп айыпталған әйел 9 жылға сотталды... «Мектепте орамал тағуға болмайды!» - сот шешімі.

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2018
  • 2557
   

Сирия бойынша Астана процесінің 9-раунды осы айдың 20-на таман өтеді, деп хабарлады, Сыртқы істер министрі. Ал Қарағандыда... «Сирияға кетпек болды» деп айыпталған әйел 9 жылға сотталды. Оның күйеуі де терроризмге қатысты сотталған. Күйеуіне әлдебір содырдың зияны тиген деп, «отбасым әлгінің кесірінен зардап шеккенін түсіндім. Ол басқа адамдарға зиян келтіріп, бір жерде еркіндікте жүр. Сондықтан тәуекелге бел буып, оны іздеп, табуға көмектесуді ұйғардым. Іздеп табуға әрекеттендім, игі іс жасайын дегеннен басқа арам пиғылым болған жоқ. Сирияға баруды ұйғарып, банктен несие алдым, бірақ ешкімді ертейін деп ойлаған жоқпын, ешкімді үгіттеген жоқпын. Тергеу органдарына көмектескеніме қарамастан, мені жолға шығарда ұстап алды. Қысымға шыдамай өз-өзіме қол салмақ болдым, - деген.

Сөйтіп 30 жастағы Жансая Таңатарова кінәсін мойындаған жоқ, баяндап отырғанымыздай, билікке ұстап беру үшін әлдебір содырды іздеуге бел буғанын мәлімдейді. Прокурорлар сотталушының куәліктеріне сенуге болмайды, қорғану амалы ретінде айтып отырғаны деп санайды. Сот оны «террорлық ұйым жұмысына қатысуға әрекеттену» және «кәмелет жасына толмаған адамды ұйым жұмысына үгіттеу» бойынша айыпты деп таныды. Соттың шешімі бойынша, Таңатарова «ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған» - ДАИШ террорлық ұйымына қосылуға әрекеттенген, әрі Сирияға кәмелетке толмаған туысы – күйеуінің 17 жастағы кенже інісін ертіп кетпек болған.   

Айыптаушы тарап алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсету тәсілдерін білетін Таңатарова содырларға медициналық көмек көрсету үшін Сирияға кетпек болған деп санайды. Жансая адамдарды хиджама әдісімен – денені тілу арқылы қан алу әдісімен емдеп, нәпақа тапқан. Түрмеде жазасын өтеп жатқан күйеуіне сәлем-сауқат жинау үшін осындай амалмен ақша табуға тырысқан...

Және бір мәселе. Оқушы қыздардың мектепке орамал тағып баруына орай. Ақтөбенің 7 мектебінің директоры қолдарына «орамал тағуға рұқсат жоқ» деген сот шешімін алды. Ата-аналар балаларын бекітілген мектеп формасымен киіндірулері керек. Мектеп ережесіне бағынбайтын ата-аналарға айыппұл да салынбақ. Бірінші рет 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде. Қайталанса, 10. Кейбір ата-ана «қашықтықтан оқытамыз» деп жазып берген мәскеулік мектептерден талон әкелген. «Бұл рұқсат қағазы емес, сондықтан балалардың құжаттарын бермейміз», деп отыр, облыстық білім басқармасы. Дегенмен қыздарының орамалын шешуге қарсылық танытқан  40-қа жуық тұрғын еліміздің оңтүстік өңірлеріне қоныс аударып кетіпті. Бұны дін істері басқармасы басшысы растады. Сонда барған жерлерінде рұқсат бере ме?.. Ал тағы бір топ орамалды қыздарға арналған бөлек мектеп ашып беруді сұраған. Тіпті білім ордасын салуға демеуші табатындарын айтыпты.

Жолдас Қалмағамбетов, Ақтөбе облыстық Дін істері басқармасының басшысы:

Ата-аналар әр түрлі ұсыныстар айтып жатыр. Ең болмаса оқу жылы аяқталғанша балаларды оқытуға мүмкіндік берсе, дейді. Немесе арнайы мектеп ашу жөнінде қыз балаларға арналған. Немесе орамалдың басқа жеңілдетілген түрін тағуға рұқсат сұрап жатыр. Біз осының әрқайсысына да түсінік беріп келе жатырмыз. Мектеп ашу, ұзақ мерзімді қажет ететін үлкен құрылыс.

Оқу жылының басында өңірдегі мектептерге 394 оқушы тұмшаланып келген еді. Қазір 139-ға дейін қысқарған көрінеді. 

Жолдас Қалмағамбетов, Ақтөбе облыстық Дін істері басқармасының басшысы:

340 оқушымыз қаңтар айында бар еді, мектеп формасын сақтамайтын, міне бүгін 139 оқушы қалып отыр. Қалған ата-аналармен де жұмыстар жүргізілетін болсақ, нәтиже болады деп санаймыз.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында да жүздеген ата-ана Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылы қаңтардың 14-і күні шыққан мектеп формасын қатаң сақтау туралы бұйрығын Қазақстан Конституциясына және халықаралық келісім-шарттарға қайшы деп тануды талап етіп, сотқа шағымданып келеді. Тағы бір мән беретін мәселе:

Қарлығаш Борбасова, Әл-Фараби атындағы ҚҰУ дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы:

Мектеп мұғалімі мен директорынан ғана талап ету, оларды тіпті шаршатады. Әлгілер «кез-келген дінді ұстануға менің қақым бар» дейді, сонда әрбірімен жұмыс істеу өте қиын. Оның баласымен қоса, ата-анасымен жұмыс істеу... Психолог болу және мектептің өз жұмысы бар. Көп жауапкершілік артылып отыр. Сондықтан өкімет тарапынан көмектер жасалуы керек деп ойлаймын.

Камал Бұрханов, тарихшы, заңгер:

Заманауи оқу керек. Заманауи балаларымызды тәрбиелеу керек. Мен айтайын деп едім ол ата-аналарға, біріншіден ол баланы жақсы азамат қылып тәрбиелеу керек. Бүгінгі таңда ол титтай бала. Бүлдіршін. Не бүлдіріп қойды, сонша қара жамылып. Қара киім мүлдем бізде болмаған. Орамал. Дін ол жерден басталмайды. Дін жүректе. Сана сезім мен дүние танымымызда, біздің. Сондықтан айтайын дегенмін, ол адамның киіміне байланысты емес. Әуелі жақсы адамды тәрбиелеу керек. Жақсы дәстүр, жақсы ақыл. Ана тіл. Ал енді анау киімді кигіздім, мынау киімді кигіздім, орамал кигіздім, ол жақсы адам болады дегені, ол - қате. Ол орамалға байланысты емес.