Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау министрі ауысты. Тамара Дүйсенованың орнын
Мадина Әбілқасымова басты. Бұл туралы президент жарлығы шыққанын Ақорданың
баспасөз қызметі хабарлады.
Мадина Әбілқасымова бұған дейін Ұлттық экономика
вице-министрі қызметін атқарған. Ал
Тамара Дүйсенова министр қызметін 2013 жылы бастаған болатын. Бүгін Үкіметтің
кеңейтілген отырысында президент оған жүктелген нақты тапсырма бірнеше жылдан
бері орындалмай келгенін айтқан еді.