Алматыдағы тырысқақ ауруын жұқтырған 1 адам жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр. Дәрігерлер жағдай жақсы деп отыр. Бұл туралы бүгін арнайы брифингте Алматыдағы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің жетекшісі Айзат Молдағасимова мәлімдеді. Былтырдан бері Алматы қаласында сырттан әкелінген тырысқақ ауруының 10 жағдайы тіркелген. 8-і Алматы қаласы тұрғынан анықталса, 2 науқас Үндістан азаматы болып шыққан. Олардың ішінде бес адамның ауруы аса қауіпті түрінен көрінеді. Бірақ, дер кезінде егу, емдеу жұмыстарын жүргізу арқылы 9 азамат ауруынан айыққан. Салаға жауапты мамандар жағдайды қалыпты ұстау үшін қазір барлық әуе рейс туристері тексеріліп жатқандығын айтты. Өйткені Қазақстанға Үндістаннан бір күнде 150 адам ұшып кетсе, сонша азамат елге оралады.
Айзат Молдағасимова, Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің жетекшісі:
Келіп жатқан әрбір Индияның тұрғындары бүгінгі күнде медициналық тексеруден өтеді. Аурулары бар ма, жоқ па. Қауіпті ме, қауіпті емес пе. Алматыда тұрып жатқан, оқып жатқан ол балалардың барлығын тексердік. 650-ін. Олардың бәрі таза болып шықты. Аурулары жоқ. Аурудың ішіндегі біреуі ғана қазір больницада жатыр. Оның бүгінгі күнде хал-жағдайы жақсы.