Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда шағын және орта бизнес өкілдеріне бағыт-бағдар берілді

  • AstanaTV
  • 12 ақпан 2018
  • 3852

Кәсіпкерлікті дамыту жолдары қандай? Алматыда 80-нен астам бизнес өкілі осы тақырыпта кеңес алды.  Шағын кәсіп ашып, өз ісін дөңгелетуге талпынған азаматтарға заңгерлер, белгілі кәсіпкерлер мен банк қызметкерлері тегін кеңес берді. "Мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша азаматтарды бірыңғай қабылдау күні" акциясын «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы ұйымдастырған. Бұл шара «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қолға алынды.

Бүгінгі шараның шапағатын көруден үміттілердің бірі - Сұлтан Мерекенов. Он жылдай бұрын несие алып, бизнес бастаған. "Бүгінгі жиында кәсіпкерлер үшін Үкіметтен қолдау болатынын естіп, қуанып отырмын", - дейді. 

Сұлтан Мерекенов, кәсіпкер:

6 процентпен алады екенбіз алатын қаражатымызды. Оның 60 процентін өзіміз төлейді екенбіз де, қалған 40 процентін  Үкімет төлейді екен. Бұл бізге кәдімгідей қомақты ақша, қомақты көмек деп ойлаймын. Жаңадан көтеріліп келе жатқан бизнес өкілдеріне жақсы нәрсе екен негізінде.

Олжас НҰРЖАҚЫП