Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда танымал суретші-зергер Леонид Игошиннің көрмесі өтіп жатыр

  • AstanaTV
  • 12 ақпан 2018
  • 3782

Темірден түйін түйген зергер. Қостанайда танымал суретші-зергер Леонид Игошиннің көрмесі өтіп жатыр. Ол кезінде әйгілі «Қыз Жібек» фильмінің түсіріліміне әшекей бұйымдар мен жауынгерлік қару-жарақтар жасаған. Темірге өрнектеп бедер салу техникасын жетік меңгерген шебердің есімі Еуропаға өте танымал. Биыл 85 жасқа толған Леонид Игошиннің туындылары талай халықаралық көрмелерге қойылған. «Игошиндік стиль» қалыптастырған қарт зергер арнайы тапсырыспен кәдесыйлар жасауымен де ерекше. Ондай дүниелерді белгілі қоғам қайраткерлері мен мемлекет басшыларына сыйға тартқан. Жарты ғасырға жуық уақыт бұрын "Қыз Жібек" фильмінде қолданылған металл заттарды қалай жасағанын бүгінде тебіреніспен еске алады. 

Леонид Игошин, ҚР Суретшілер одағының мүшесі:

Мені сауыт, қалқан, дулыға, қылыштың қыны секілді металл заттарды жасауға шақырды. Тапсырысты түгел орындадым. Зергерлік фабрика шығаратын кейбір детальдардан басқасын түгел қолдан істедім.

Заңғар САНАЙ