Русский Сайттың толық нұсқасы

РФ Авиациялық комитеті апатқа ұшыраған АН-148 ұшағының "қара жәшігін" оқуға кірісті

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2018
  • 2198

Ресей Авиациялық комитеті Мәскеу түбінде күлі көкке ұшқан АН-148 ұшағының жазу құрылғысын оқуға кірісті. "Қара жәшіктің" екеуі де дереу табылып, мамандарға жеткізілген болатын. Әзірге тергеу ешбір болжамды жоққа шығармайды.

Ал құтқарушылар ұшақ апаты болған жерде лайнердің сынған бөлшектерін жинап жатыр. Ұшақтың 500-дей қалдығы мен ажал құшқан адамдардың бір жарым мыңға жуық дене бөлшегі табылған. Олар 2 шақырым жерге дейін шашылған.

11 ақпан күні Мәскеуден Орскіге бет алған "Саратов әуежелісі" компаниясының АН-148 жолаушылар ұшағы 4 минуттан соң құлаған болатын. Әуе кемесі Раменский ауданы Степановское ауылында табылды. Ұшақ бортында 65 жолаушы мен экипаждың 6 мүшесі болған. Олардың ешбірі тірі қалмады.