Медициналық
мекемелердің барлығы да тең дәрежеде қаржыландырылуы тиіс. Премьер-министрдің
орынбасары Дариға Назарбаева бүгін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрлігінің алқалы жиынында осындай пікір білдірді. Сондай-ақ ол: "Мемлекеттік
емдеу орталықтарының басты кемшілігі - менеджменттің төмендігі", - деді.
Дариға
Назарбаева, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
Жекеменшік
клиникалар, мемлекеттік орталық тәрізді тегін қызмет көрсету үшін, дәл сондай мөлшерде
қаржы алады. Бірақ, қараңыздаршы, қандай айырмашылық бар. Олар ақша санауды
біледі. Клиент базасын көбейту үшін барын салып, клиниканың кірісін көбейтуге
жұмыс жасайды. Яғни нарық талабына икемделеді.
Премьердің
орынбасары сондай-ақ отандық дәрі-дәрмек
нарығындағы баға жүйесіне де қатысты ойын білдірді. Әсіресе, Дариға Назарбаева
бұған фармацевтермен арадағы байланысты пайдаланып, препараттар сатуға құқық
алатын медициналық орталықтар ісіне наразы. Сондықтан оны біржақты реттеуге
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсеноваға тапсырма
берді. Сондай-ақ бұдан былай ақысы мемлекет есебінен төленетін қымбат дәрілер
дәрігердің нұсқаулығымен 3 айға дейін алдын ала берілмек.
Құралай ПИОНЕР