Президент Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановты қабылдады. Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар халықаралық мәселелерге баса назар аударды, - деп хабарлайды Ақорда. Министр Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі мен Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммитіне дайындық барысы туралы баяндады. Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларға тоқталды. Сыртқы саясат ведомствосы экономиканың басты салаларына шетелден инвестиция тарту үдерісінде ерекше рөл атқаратынын атап өтті.
Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:
Нұрсұлтан
Әбішұлы нақты тапсырмалар берді. 2018 жылы бірсыпыра халықаралық іс-шаралар
жоспарланып тұр. Оларға дайындық барысын біз бүгін талқыладық.