Русский Сайттың толық нұсқасы

Сот кәсіподақтарды айыптаған «Арселор Миттал Теміртау» компаниясынан айғақ талап етті

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2018
  • 2935

Қарағандылық кеншілерге қатысты сот ісі жалғасуда. Кәсіподақ ұйымдарын айыптаған «Арселор Миттал Теміртау» компаниясынан сот айғақ талап етті.  "Жақтау" металлургтер кәсіподағын айыпталушылар тізімінен алып тастады. Бұл туралы «Шахтерская семья» ұйымының төрайымы Наталья Томилова хабарлады.

Істі Шахтинск қалалық соты қарап жатыр. Компания "3 бірдей ұйымды ереуілге шыққан кеншілерді қолдап, наразылық шарасын жалғастыруға үгіттеді" деп айыптаған. Олар -  «Шахтерская семья», "Жақтау" және «Энергетикалық жылыту кешені жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы» бірлестіктері. «Арселор Миттал Теміртау», бұл ұйымдар ереуілдің заңсыз, әрі салдары ауыр екенін ескертпеді, деп отыр.

Еске салсақ, өткен жылы желтоқсанда компанияның шахталарында мыңнан астам кенші наразылық білдірген еді. Олар жалақыны 100 пайыз көтеруді талап етті. Артынша, тараптар келісімге келіп, жұмыскерлерінің айлығы 30 пайызға өскен.