Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда бесінші қабаттан құлаған кейуана жансақтау бөлімінде көз жұмды

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2018
  • 2865

Таразда бесінші қабаттан құлаған кейуана жансақтау бөлімінде көз жұмды. Дәрігерлердің айтуынша, ол бірінші қабатқа жапсарлас салынған сұлулық салонының шатырына түсіп, аман қалады. Бірақ ауруханаға жеткізілген соң 3 сағат өткенде көз жұмыпты.

Сәкен Жұмашев, №1 Тараз қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары: 

Өзінің сөзіне қарағанда, 5-ші қабаттан өзі секіріп кеткен. Оның алдында да біздің осы аурханаға 2 рет түскен, өзі секіріп. Ақыл есінде ауытқу бар-жоғын білмейміз, ондай деректер жоқ. Жарақаты иығы сынған және шок. Өте төмен қан қысымымен түскен. 

Дархан Мадижан, Жамбыл облысы ТЖД жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы:

Қар болғандықтан, жарақты аздау болды ма, әйтпесе ондай қабаттан осындай жастағы адам құлағанымен, өте ауыр боп түсуі де мүкін еді. Қардың қалыңдығы 30 сантиметрдей болады.