Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанадағы "Балапан" балабақшасының меңгерушісі мен медбикесі жұмыстан қуылды

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2018
  • 2721

Астанадағы "Балапан" балабақшасының меңгерушісі мен медбикесі жұмыстан қуылды. Бұл туралы қалалық білім басқармасы жаңа ғана мәлімдеме таратты. Тексеріс кезінде санитарлық талаптардың бұзылғаны анықталған. Бұған дейін бұл балабақшадағы тәрбиеші мен 6 бала ауруханаға түскенін айтқан болатынбыз. Ол кезде мамандар ауруға ішек инфекциясы себеп деген еді. Балабақшадағы эпидемиологиялық тексеру әлі де жүріп жатыр. Оған қоса, жұмыс тобы құрылып, қаладағы барлық балабақшалар тексерілмек.