Русский Сайттың толық нұсқасы

Исландияға энергетикалық дағдарыс қаупі төнді

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2018
  • 3605

Исландияға энергетикалық дағдарыс қаупі төнді. Криптовалюта өндіретін орталықтардың тұтынған қуаты барлық халықтың жұмсайтын энергиясынан асып кеткен.  ВВС-дің хабарлауынша, 2018 жылы биткоиндар жасап шығаруға 840 гигаватт электр қуаты кететін көрінеді. Ал елдегі 300 мыңдай тұрғынның жағатын энергиясы шамамен 700 гигаватт. Бұл көрсеткіш өсуі де мүмкін, өйткені криптовалюта бизнесі үнемі кеңею үстінде. 

Исландия геотермалды кен орындарына бай ел. Бағалы биткоинды жасайтын компьютер құрылғыларына қажетті қуаттың орасан мөлшерін солар өндіреді. Шағын ғана Исландияға түрлі фирмалардың үйір болуының себебі де осы. Енді олар үшін арнайы заң әзірлеу көзделді. Яғни «криптовалюталық фермаларға» салық салу мәселесі көтерілуі мүмкін.