Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте тасымалдаушы компания басшылары әкімшілік кедергілер көп дейді

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2018
  • 2922

Шымкенттегі тасымалдаушы компаниялар шенділердің әрекетіне наразы. «Әкімдікке қарасты мекеменің жұмысын тексеру» керек деген олар кәсіпкерлер палатасына шағымданды. Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің жұмысы тексерілсін дейді. Ал атқамінерлердің өз уәжі бар. Тараптарды тілшіміз Айзада Төребекқызы тыңдап қайтты.

Айзада Төребекқызы, тілші:

Жолаушы тасымалдау саласында кемшілік көп. Оның өзекті дегендерін көлік компаниясының өкілдері тізбелеп берді. Әсіресе бағыттарды бөлу кезінде заңсыздықтарға жол берілетінін айтты. 

Есть компания, у которой на балансе ни одного автобуса нет. Он выигрывает тендер. До тендера ни один день не ездил. После тендера тоже не один день не ездил. Выиграл два маршрута, а сейчас четыре маршрута у него.

Бұдан бөлек, әкімдік пен компания арасындағы келісімшарттарда орындалуы қиын талаптар бар дейді. Соның бірі - автобустарды жаңалауға қатысты. Келісім жасалған соң, 6 ай ішінде автопаркты жаңалап, 8 метрлік автобустарды әкелу міндеттелген. Осы талапты орындамағаны үшін бірнеше компания жұмыстан шеттетіліпті. «Южавтотранс» басшысы, үкімет осы мәселеге назар аудармаса, жолаушы тасымалы саласын құрдымға кетіріп аламыз, деп алаңдайды. 

Дархан Қайыпов, «Южавтотранс» қауымдастығының төрағасы:

Біз келісімшартта қосымша жазылғаны жыл сайын 20 пайыздық жаңа автобустар алуымыз керек дейді. Қазіргі жағдай оны қалай аламыз? Мүмкін, мысалы, мен биыл 10 машина алсам, келесі жылы тағы екі машина алуым керек. Мен кредиттен құтылмай отырмын, мен оны қалай аламын?

Алайда жауапты бөлімнің басшысы ешқандай бұра тарту жоқтығына сенімді. Тасымалдаушылардың 75 пайызының автобусы жалдамалы. Жұмыстың ақсауына бір себеп осы дейді. Ал көлік компаниялары сұраған субсидия бөлудің өз талабы бар.  

Қуатжан Жұматаев, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және  автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

Сонда олардың талап етіп отырғаны - үкімет акимат гарант болсын. Өзі кредит алған, бірақ автобусы жоқ. Соған біз гарант болуымыз керекпіз. Салық есебін, яғни жолаушыларды тасымалдаушы билет беріп, соған отчет беріп жатыр ма салыққа, ондай істеліп жатқан жоқ. Сондай процедураның өзін ашық қылып тасымалдаушы келіп көрсететін болса, біз дайынбыз субсидия беруге.

Айзада Төребекқызы, тілші:

Кеңесте айтылған мәселелерді аймақтағы кәсіпкерлер палатасы өкілдері тыңдады. Енді олар кем-кетікті жинақтап, шағымдарды уәкілетті органдарға жолдамақ. Тиісті шешімді солар қабылдайды.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ