Алдағы
тәуліктерде елдің бірқатар аймақтарында күн суытады. Бұл туралы «Қазгидромет»
хабарлады. Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, кей
жерлерде жауын-шашын болады. Тұман
түсіп, бұрқасын соғады, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Екі облыста дауылды ескерту жарияланды. Атырау облысының кей жерлерінде тұман
түсіп, көктайғақ болады. Қызылорда облысында
күшті жел соғады,- делінген хабарламада. Ал оңтүстік пен
оңтүстік-шығыста желдің жылдамдығы секундына 30 метрге жетеді деген болжам бар.
Суық ауа райын елімізге Ресейдің еуропалық бөлігінен жылжитын антициклон алып
келеді.