Русский Сайттың толық нұсқасы

Күн суытады

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2018
  • 2465

Алдағы тәуліктерде елдің бірқатар аймақтарында күн суытады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады. Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, кей жерлерде жауын-шашын болады. Тұман түсіп, бұрқасын соғады, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Екі облыста дауылды ескерту жарияланды. Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Қызылорда облысында  күшті жел соғады,- делінген хабарламада. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста желдің жылдамдығы секундына 30 метрге жетеді деген болжам бар. Суық ауа райын елімізге Ресейдің еуропалық бөлігінен жылжитын антициклон алып келеді.