Русский Сайттың толық нұсқасы

Қажетті препараттардың әлі 58 позициясы сатып алынбаған - СҚ «Фармация»

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2018
  • 2909

СҚ «Фармация» серіктестігінің басшылығы мемлекеттік тілге менсінбей қарап отыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында олар барлық баяндамасын ресми тілде жасады. Қазақ тілінде ақпарат беруді талап еткен тілшілерге бөлім басшысы жауап беріп құтылды. Оның да барлық мәліметке қанық емес екені байқалды. Басқарушы директор Гүлнар Омарова қазақ тілінде ақпарат бере алмайтынын ашық айтты.

-Қазақша айта аласыз ба? -Қазір айтады. -Сіз ше?  -Жоқ, мен айта алмаймын. 

СҚ «Фармация» өкілдері тұрғындарды тегін дәрімен қамтамасыз ету мәселесі бойынша есеп беруге келген. Қажетті препараттардың амбулаторлық дәрімен қамтамасыз ету шеңберінде әлі 58 позициясы сатып алынбаған. Барының өзі науқастарға 25 наурызға дейін жеткізілмек. Алайда дәрі-дәрмек қандай науқастарға жетпей жатқанына қатысты сала мамандары толық жауап бермеді. Белгілісі, бүгінде 151 млрд теңгеден астам қаржыға 1037 түрлі препарат сатып алынған. Бұл - жалпы қажеттіліктің 88 пайызы ғана.

Тағы бір айта кетерлігі, дәріханаларда препараттардың бағасы әлі де реттелмей отыр. Оны Үкімет деңгейінде тек 2019 жылдан бастап қана біркелкі жүйеге түсіре аламыз, - деді компания өкілдері.

Батыйхан Алданов, СҚ «Фармация» ЖШС бөлім басшысы:

Рынок болғаннан кейін, өзіңіз білесіз ғой, нарық қандай екенін. Сондай болып тұр қазір, оны ешкім рететй алмайды. Әркім өзінің бағасын өзінің жіберіп жатқан шығындарына қарап қояды.