Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда газ жарылысынан зардап шеккен келіншектің жағдайы түзеліп келеді

  • AstanaTV
  • 15 ақпан 2018
  • 2115

Үйінде газ жарылып, денесінің 90 пайызы күйіп қалған Орал тұрғыны Әселім Нығметованың терісі 50 пайызға қалпына келтірілді. Қазір ол Ресейдің Самара қаласында емін жалғастырып жатыр. Қазір Әселімнің беті мен мойын терісі толық жазылған. Енді аяқ-қолына ем жасалып жатыр. Осы күнге дейін 10 рет ота жасалған. Келіншектің туысы емдеу курсын толығымен аяқтау үшін әлі қаржы керек дейді. Әселімді емдеуге қажетті 4 миллионнан астам қаржыны оралдықтар көп болып жұмылып, жинап берген еді.

Ерлан Нығметов, науқастың туысы:

Толық емделіп шығу үшін, әлі 1,5 миллион теңге қажет. Жамаған тері денеге үйреніп кетуі үшін, көп жаттығу жасауы керек. Бұйырса, көктемнің соңына таман үйге оралады деген үміт бар. Газ берушілер мен өрт сөндірушілер жарылыстың неден болғанын анықтады. Айтуларынша, газ шұбыршегінен тесік қысымның кесірінен кеңейіп, соған газ жиналған. Жарылыс содан болған.

Оқиға 18-қарашада болған еді. Сол кезде Әселім Нығметова есімді жүкті келіншек күйіп қалған еді. Отқа оранған келіншектің іштегі баласын аман сақтау мүмкін болмаған. Кейін туыстары оны Самара қаласындағы емханаға ауыстырған еді.