Русский Сайттың толық нұсқасы

Емханалар тұрғындарды тіркеуден шеттетіледі

  • AstanaTV
  • 15 ақпан 2018
  • 3357

Емханалар тұрғындарды тіркеуден шеттетіледі. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тиісті ұсыныс әзірлеп жатыр. Былтыр кейбір емханалар жалған есепке көшіп, адам санын асыра жаза бастаған. Өйткені жаңа жүйе бойынша әр тіркелген тұрғын өзімен бірге бюджет ақшасын ала келеді. Медициналық сақтандыру қоры "Халықтық бақылау" деген мобильді қосымша енгізген. Онда тұрғындардан түскен мәліметтерді ескеріп, медицина мекемелерінің рейтингі шығарылады.

Елена Бахмутова, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрайымы:

Тұрғындары тіркеу формасы өзгеруі мүмкін. Бұл процеске емханалар араласпауы керек. Тек Халыққа қызмет көрсету орталығы мен онлайн жүйе арқылы тіркелу қалады. Қазір осыны Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қыметтер тізіміне енгізу қаралып жатыр.

Былтыр 18 млн адамның 360 мыңы емханаға тіркелген, оның ішінде 29 мыңы онлайн қызметке жүгінді.