Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда сапалы ауызсуға жете алмай отырған 3 мыңға жуық ауыл бар - ТҮКШ комитеті

  • AstanaTV
  • 15 ақпан 2018
  • 2409

Қазақстанда сапалы ауызсуға жете алмай отырған 3 мыңға жуық ауыл бар. Олардың тең жартысында тұрғындар саны 200 адамға да жетпейді.  Мұндай шағын елді мекендерге "ауқымды жүйе тартып, су жеткізудің қажеттілігі бар ма?" деген сұрақ туындап отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы комитетінің төрағасы айтты. Биыл ауызсумен қамту ісіне бюджеттен 67,9 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаржының 45,2 миллиарды ауылдарға бағытталады. Яғни елді мекендерге су тарту үшін 153 жоба жүзеге асырылады. Ал, қалалық су жүйелеріне 22,7 млрд теңге қаралған. 40 жоба іске асырылады деген жоспар бар. Бірақ бұл ақша жеткіліксіз көрінеді. Ал мәселені толық шешу үшін, жыл сайын кемінде 100 млрд теңге қажет, - деді комитет төрағасы.

Мархабат Жайымбетов, ҚР ИДМ құрылыс және ТҮКШ істері комитетінің төрағасы:

2794 елді мекен орталықтандырылған ауызсумен қамтылмаған. Оның 1400-дейі 200 адамға дейінгі елді мекендер, осындай шағын ауылдарда су жүйелерін қамтитын жүйе орнату қажеттілігі бар ма деген сұрақ туады. Оның орнына "контейнер блок очистки" дейміз ғой, соны қойған дұрыс па деген көзқарас бар қазір сол бағытта жұмыс істеп жатырмыз.