Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтаулықтар "Нұр Отаннан" көмек сұрайды

  • AstanaTV
  • 15 ақпан 2018
  • 2388

Ақтаулықтар "Нұр Отаннан" көмек сұрайды. Олар партия тұрғын үй кешені аумағында соғылып жатқан қонақ үй құрылысын тоқтатады деп үмітті. 

Бұл жер телімі бірнеше жыл бұрын жекеменшікке берілген. Құрылысқа қарсы тұрғындар алғаш 2012 жылы арыз жазған. Ол кезде жұмыс тоқтатылыпты. Ал бір ай бұрын алаңқай қайта қоршауға алынды. Тұрғындар бұл жерде 5 қабатты қонақ үй құрылысы қайта жанданады деп алаңдайды.

Мұхамбет Жайлыбаев, "Нұр Отан" партиясы МОФ қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі:

Партия арызды тиісті огандарға жолдайды. Сондықтан облыс әкімінің бірінші орынбасарына бірден бағыттап жібердік. Қазіргі уақытта мәселенің анық-қанығын біліп жатыр.

Балауса Неренбаева, «Овация» ПИК төрайымы:

Біз  бұл жерді жекеменшіктен алып, өз қаражатымызға гүлзар салғымыз келген. Облыс әкімінің орынбасары бас жоспар бойынша мемлекеттік маңызы бар ғимарат салу қаралмаса, бұл аумақты ПИК-ке демалыс орыны мен гүлзар салуға береміз деді.