Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада ардагерлер арасындағы қалалалық шахмат турнирі бастау алды

  • AstanaTV
  • 15 ақпан 2018
  • 2799

Бүгін Астанада ардагерлер арасында қалалық шахмат турнирі бастау алды. Аталмыш байқау "Нұр Отан" партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында өтікізіліп отыр. Шахматтық сайыста 60 жасқа дейінгі және 60 жастан асқан 30 зейнеткер бақтарын сынайтын болады. Қариялар арасындағы шахмат байқауы ақпанның 15-і мен 23-іне дейін жалғасатын болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнирдің жеңімпаздары республикалық чемпионатта Астананың абыройын қорғайды.

Нұрсұлтан Досымжанов, "Нұр Отан" партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

"Нұр Отан" партиясы зейнеткерлерге, тыл ардагерлеріне үнемі көңіл бөліп отырады. Сонымен бірге Астананың 20 жылдығы аясында алдағы уақытта ардагерлерге арнап бірнеше шара ұйымдастыратын боламыз. Мұны келешек ұрпаққа үлгі-өнеге болсын деген мақсатпен де өткізіп отырмыз.