Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте ауыз судан тапшылық көріп отырғандар бар

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2018
  • 4787

Шымкентте Қызылжар тұрғын алабының халқы ауыз судан тапшылық көріп келеді. Күндері құдық суына қарап отырған жұрт қыс ауасында оның өзін таппай қалады. Амалдың жоғынан қар ерітіп, өзен суын тұтынуға мәжбүр. Аудандарды былай қойғанда, облыс орталығында тіршілік нәрінің толық болмауына не себеп? Осы өңірдегі әріптесім Айзада Төребекқызынан мән жайды сұрап көрсек. Айзада, сөз сізде.

Айзада Төребекқызы, тілші:

Иә, Оксана, шахар маңындағы Қызылжар тұрғын алабы 2015 жылдан бері Шымкент қаласына қарайды. Бас жоспарға сәйкес Сайрам ауданынан қосылған елді мекен. Мұндағы жұрт ауыз суды негізінен үй іргесінен қазылған құдықтардан тұтынады. Оның өзі сапасыз. Салдарынан ауру тауып жатырмыз, дейді жұрт.

Ал қыстыкүні тіршілік нәрін іргеде ағып жатқан Бадам өзенінен алады. Кір-қоңын жуу үшін лай аралас қоймалжың лас суды тасып әлек. Тұндырып, қайнатып, қажетімізге жаратамыз, дейді. 

Мұқан Әшірбаев тұрғын:

Ноябрьден кейін су тартылады бізде мартқа дейін. Март-апрельге дейін тартылады, Сол уақытқа дейін көрген азабымыз осы. Құдық қалай су көтеріледі, содан кейін суды құдықтан ішеміз. Оның таза екенін, басқа екенін, ешкім тексерген жоқ. Қаламыздың санатында болғанменен, бізде суды ешкім елемейді, халық бар екенін бұл жерде. Жанымыздағы Игілік ауылында бар, мына жағымызда құс фабрикасында бар, осы 367 семьяда су жоқ.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі басшыларының мәліметінше, қазір бұл аумаққа су жүйесін тартуға  жобалық-сметалық құжаттар  әзірленіп жатыр. 

Айзада Төребекқызы, тілші:

Облыс орталығында судан тапшылық көрген тек қызылжарлықтар емес. Ынтымақ-2, Солтүстік-саяжай, Батыс сынды шағын аудандардың халқы да ауыз судың азабын тартып отыр.  Тіршілік нәрі не себепті әлі күнге қосылмаған? Бұл туралы ертең «Біздің уақыт» сараптамалық бағдарламасында тарқатып айтамын.