Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қиырдағы қазақтар» фильмінің тұсаукесері өтті

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2018
  • 3202

«Қиырдағы қазақтар». Астанада осылай аталатын ерекше фильмінің тұсаукесері өтті. Ресми мәлімет бойынша, шет елдегі қазақтар саны 5 миллион деп көрсетіледі. Алайда, сыртта жүрген қандастарымыздың бұдан әлдеқайда көп екені туралы да пікірлер бар. Қиыр жәйлап шет қонған қандастар әлемнің түкпір-түкпірінде түрлі салалар бойынша еңбек етіп жүр. Ғылым мен жаңа технологияны бағындырғандар да жетерлік. "Қиырдағы қазақтар" жобасының мақсаты - осындай жетістікті өзгелерге көрсету.

Деректі фильм 8 сериядан тұрады деп жоспарланған. Әр бөлімі 25 минуттан. Қазір алғашқы 4 сериясы дайын. Онда Моңғолия, Ресей, Өзбекстан мен Тәжікстандағы қазақтардың өмірі баяндалады. Бастама ақпарат және коммуникациялар министрлігі тарапынан көтерілген. Жобаның демеушісі - кәсіпкер Оралбек Ботбай. Жоспар бойынша фильм ағылшын тіліне де аударылады.

Олжас Беркiнбаев, «Қиырдағы қазақтар» жобасының жетекшiсi:

Ағайындарды ойласақ, көбі атқа мініп, киіз үйде жүргендерді елестеді. Біз мақсат мына ІТ маманын, білім саласындағы менеджерлерді көрсету болды. Моңғолия билігіне, экономикасына үлес қосқан ағайындарды танытқымыз келді.

Оралбек Ботбай, кәсіпкер:

Болашақта Қытай, Канада, Франциядағы қазақтар шақырып жатыр. Бұл фильмнің әрі қарай жалғасатынына еш күмән жоқ, тек халық пен Алланың қолдауы болса, үлкен дәрежеге көтеріледі деп ойлаймыз.