Русский Сайттың толық нұсқасы

Банкир Ержан Тәтішевке 2003 жылы да қастандық жасалған - куәгер

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2018
  • 2997

"Банкир Ержан Тәтішевке 2003 жылы да қастандық жасалған. Белгісіз біреулер оның БМВ-7 маркалы көлігін өртеп жіберген". Мұратхан Тоқмәдидің ісіне қатысты жүріп жатқан сот процесінде Қайрат Садықов есімді куәгер осылай деп мәлімдеді. 

Қайрат Садықов, куәгер:

Тәтішевтің өлімінен кейін әйелі Анар Айтжанова директорлар кеңесінің төрағасы болды. Марқұмның қос бауыры Ерлан мен Еркін де банк ісіне араласты. Олар банкті басқаруға таласты. Ал, Тәтішевтің 80 пайыз акциясы Әбілязовтың қолына қалай өткенін білмедім.  "Тәтішевке қастандық жасалды, көлігін өртеп жіберді" деген әңгіме шыққан. Оның алдында күзетшісі соққыға жығылғанын естідік.

Қайрат Садықовтың айтуынша, марқұм Ержан Тәтішевпен 1984 жылы Мәскеуде оқып жүргенде танысып, дос болған. Кейін Тәтішев оны «Тұран Әлем банкінің» Талдықорған филиалына директор етеді. 2003 жылы өзіне кеңесші етіп алады. Сот отырысында тағы бір куәгер «Қазақстан темір жолы» компаниясының бұрынғы президенті Ерлан Атамқұловтан да жауап алынды.

Ерлан Атамқұлов, куәгер:

Бір күн бұрын Тоқмәди маған: "Ержан Тәтішев екеуміз аңға шығамыз, сен де кел», - деді. Мен бармайтынымды айтқам.  Ертесіне ол 6-7 рет қоңырау соқты. Көтермедім. Көңілім қаламағандықтан мен оларға қосылмадым.