Русский Сайттың толық нұсқасы

Сауд Арабиясында әйелдерге бизнес ашуға рұқсат берілді

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2018
  • 3341

Сауд Арабиясында әйелдер енді өз бизнесін аша алады. Ол үшін бұрынғыдай күйеуі немесе туысқан ер адамның келісімін алудың қажеті жоқ. Осылайша королдік жеке бизнестің дамуына жол ашпақ, - деп хабарлайды Рейтерс. Бұл үкіметтің экономиканы өзгертуге қатысты қадамын байқатады. Билік бұған дейін мұнайдан түсетін табыстың азаюына байланысты басқа салаларды дамытатынын мәлімдеген.

Әйелдерге келсек, олар елде прокуратураға тергеуші ретінде тартыла бастады. Сондай-ақ, 140 жұмыс түрі бойынша еңбек етуге рұқсат берілді. Оның ішінде әуежай, шекара қызметтері бар. Еске салайық, былтыр бұл елде алғаш рет ресми түрде әйелдерге көлік жүргізуге рұқсат берілген.