Русский Сайттың толық нұсқасы

Былтыр Қазақстаннан кетушілер саны 7,8 пайызға артты

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2018
  • 4572

Қазақстаннан кетушілер саны артып барады. Бұл үрдіс 2014 жылдан бері байқалған. Ақпаратты, статистика комитетінің деректеріне сүйеніп, LS порталы жариялады.  Өткен жылы 37 700 адам шет елдерге кеткен.  Осылайша Қазақстанмен қоштасқандар саны 2016 жылмен салыстырғанда 7,8 пайызға артты.

Былтыр көші-қон негізінен ТМД елдері аумағында болған. Қазақстаннан көшкендердің 89,4 пайызы, яғни 33 700 адам, көршілес елдерге қоныс аударған. Ал ТМД елдерінен 11 600 адам көшіп келген. Кетушілерге қарағанда, келушілер саны екі есе кем. Былтыр барлығы 16 100 адам отанға оралған. Келушілер санының көрсеткіші 2008 жылдан бері төмендеп келген. Тек былтыр ғана сәл өсім байқалды. Келушілер 2016 жылға қарағанда 20,5 пайызға артқан.