Қазақстандықтар
наурызда 13 күн демалады. "Мерекелер туралы" заңға сай, елде
Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамы тойланады. Е-гов порталындағы
мәліметке сүйенсек, 8 наурызда қазақстандықтар бір күн демалады. 3-ші наурыз,
сенбі жұмыс күні болып белгіленген. Демалыс 9-шы наурызға ауысты. Осылайша
сенбі, жексенбіні қосқанда халық 4 күн қатарынан демалады. Ал, наурыз мерекесі
әдеттегідей 3 күн тойланады. Демек, 21, 22, 23 наурыз демалыс. Оған
сенбі-жексенбіні қосқанда қазақстандықтар бес күн қатарынан демалады.