Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жас Отанның" Орталық кеңесіне 16 жас мүше болып сайланды

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2018
  • 4161

16 көшбасшы. "Жас Отанның" Орталық кеңесіне осынша адам мүше болып сайланды. 18 қаңтарда жастар ұйымы тарихында алғаш рет онлайн сайлау жарияланған. 1 айда әлеуметтік желілер арқылы үздіксіз дауыс беру жүргізілді. 363 азамат үміткер ретінде сайлауға түсуге ниет білдірген. Арасынан 16 жас жеңімпаз атанды. Сайлаудың заманауи жүйесін өткізу арқылы «Жас Отан» жастар ұйымы көшбасшыларының саяси аренада сайлау принциптерімен танысуын көздейді. Ашық сайлауға түсу жолдарын жетік меңгеру де басты назарда. Әрі жастарға таңдау еркіндігі берілді.

Айта кетейік, "Жас Отанның" 160 мыңнан астам мүшесі бар. Үздіктер алда өтетін жастар ұйымы съезінен соң ресми түрде жұмысқа кіріседі. Болашақта олар аймақтардағы филиал басшыларымен бірлесе іс атқарады.

Бекжан Әлімқұлов,  "Жас Отан" жастар қанаты Орталық кеңесінің мүшесі:

Жастардың арасында жақсы бір тәжірибе, болашаққа қадам деп ойлаймын, жауапкершілік күтіп тұр алдымызда, пайдалы жобаларды іске асырсақ деймін. Жалпы еліміздің жастары қоғамдық мәселелерді шешуге белсенді түрде үлестерін қосса деймін.